Сахарада қар жауды

Африкадағы Сахара шөлінде ауа температурасы нөлден төмендеп, қар жауды. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Қар күн күрт суытқан соң жауған. Түнде температура -2-ге дейін төмендеді. Бұған дейін қар Сахарада 1979, 2016, 2018 және 2021 жылдары жауған.

Фотограф Карим Бучетата Алжирдің солтүстік-батысындағы Айн-Сефра округінде қар мен мұзды суретке түсіріп үлгеріпті.

Сахара шөлі Африканың басым бөлігін алып жатыр. Айн-Сефра шөлдің қақпасы іспеттес. Ол теңіз деңгейінен 900 метр биіктікте орналасқан.