Иракта көне сәулет өнері жойылып кетуі мүмкін

Иракта көне шаһар орнындағы сәулет өнері жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр. Оған топырақтың эрозиясы себеп.

Әңгіме ел астанасы Бағдат жанында орналасқан Балад қаласы жайында. Шаһар XIV ғасырда қирап қалған. Мұнда 1215 жылы салынған көпірдің орнында қазір арка ғана сақталған. Оның ұзындығы 20, биіктігі 10 метрден асады. Алайда осы арканың өзі топырақтың эрозиясы салдарынан қирап қалатын түрі бар. Бұл ретте тұрғындар биліктен елдің тарихи және мәдени мұрасын өз қорғауына алуын сұрап отыр. Негізі 25 жыл бұрын көне шаһар орнында қазба жұмыстары жүргізілген. Алайда тұрақсыз саяси жағдайға байланысты аяқталмаған.

Суфиан Әл Салим, Эски-Мосул ауылының тұрғыны:

 – Бұрын көпірдің орнында 3 арка болатын. Алайда уақыт өте келе екеуінің түгі қалмады. Қазір сақталып қалған бір арканың өзі бүлінуі мүмкін. Өйткені жаңбыр суынан топырақ эрозияға ұшырап, мұның бәрі сәулет өнерінің ескерткішіне кері әсер етіп жатыр.

 

 

Сондай-ақ...