Камерундағы футбол матчында адамдар тапталып қалды: қаза тапқандар бар

Камерун астанасы Яундеде Камерун мен Комор командалары арасындағы Африка Ұлттар кубогының матчында кем дегенде алты адам қаза тауып, 40 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24» Корреспондент.net сілтеме жасап.

 

Ойын Олембе стадионында өтті. Басталмас бұрын, аренаның қақпасында көрермендердің үлкен ағымы пайда болып, адамдар тапталып қалған. Стадион 60 мың адамға арналғанмен, алайда жанкүйерлер саны коронавирустық шектеулерге сәйкес 80% аспауы керек болған.

Кейбір зардап шеккендердің жағдайы ауыр, осыған байланысты қаза болғандар саны артуы мүмкін.