Италия ковид-вакцинаның кез келген түрін салғызған шетелдіктерге елге кіруге рұқсат етті

Италия билігі коронавирусқа қарсы вакцинаның кез келген түрін салдырған шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді.

Бұған дейін мұндай мүмкіндік тек Еуроодақта мақұлданған екпені қабылдаған азаматтарда ғана болатын. Сырттан келгендер ПТР-тесттің теріс нәтижесін көрсетуге міндетті. Сондай-ақ вакцинаның екінші дозасын салдырғанына 6 айдан аспау керек. Билік осылайша пандемиядан қатты зардап шеккен туризм саласын қайта жандандыруды көздейді. Бірақ кейбір мемлекет азаматтарының Италияға туристік мақсатпен келуіне қойылған шектеулер әлі күшін жоймайды. Тиісті ереже 31 наурызға дейін, яғни коронавирусқа қатысты төтенше жағдай тәртібі аяқталғанша сақталады.

Сондай-ақ...