БҰҰ Газа алқабын қоқыстан құтқармақ

Біріккен Ұлттар ұйымы келесі айдан бастап Газа алқабын тазарту жобасын жүзеге асырмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені аумағы 105 шақырым болатын бұл жер соңғы жылдары бей-берекет тасталған қоқыс полигонына айналып кеткен. Осыған алаңдаған мамандар енді тау болып үйілген қоқысты тысқа шығарып, аймақты табиғи қорыққа айналдырмақ ниетте. Осылайша осында мекендейтін аң-құсқа қолайлы жағдай жасау көзделген. Жауапты мамандардың айтуынша, жоба құны 66 миллион доллар. Ол екі кезеңнен тұрады. Алғашқы 4 айда алқап толығымен  күл-қоқыстан тазартылса, кейін тұрғындардың демалысына арналған инфрақұрылым орналастырылмақ.