Кенияда 98 жастағы әже мектеп партасына отырды

Кенияда 98 жастағы әже мектеп партасына отырды.

Айтуынша, бала кезінде білім ала алмағандықтан, өмір бойы жазу мен оқуды білмей келген. Бірақ қарт оқушының мақсаты тек бұл ғана емес. Білім алуға деген құштарлығымен өз немерелеріне үлгі көрсеткісі келеді екен. Қазір ол алтыншы сыныпта оқиды. Мұғалімдердің сөзінше, әженің сабаққа деген ынтасы өте жоғары.