Италия халқы Украинадағы жағдайға алаңдаулы

Италияның Рим қаласында Укрина мен Ресей арасындағы ушыққан жағдайға алаңдаған ондаған адам наразылық акциясына шықты.

Кампидольо алаңына жиналғандардың қолында Украина туы мен бейбітшілікке үндейтін плакаттар болды. Халық тыныш өмірді қалайтынын айтып, екі елді де өзара түсіністікке келуін шақырды.

– Мен Украинаданмын. Еліме Ресей тарапынан соғыс қаупі төніп тұр. Бұл тек Украинаға төнген қатер емес. Бүкіл Еуропа одағы алаңдаушылық білдіруде. Өйткені Украина жері Еуропамен шектеседі.