Гаага соты Украинаға қатысты жағдайды тергеуге кірісті

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Украинаға қатысты жағдайды тергеуге кірісті. Бұл туралы прокурор Карим Хан мәлімдеді.

Ресми ақпарат бойынша, осы сәтке дейін 38 мемлекет Ресейдің үстінен сотқа шағым түсірген. Бұған дейін Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың Бас прокуроры Украиданағы жағдайға қатты алаңдаушылық білдіріп, тергеу ісінің тез арада басталатынын ескерткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, осының алдында президент Владимир Зеленский ресми Киев Кремльді басқыншылық әрекетін ақтау мақсатында «геноцид» ұғымын бұрмалап қолданғаны үшін жауапқа тартуды сұраған еді.