Грузияда жанармай бағасы шарықтап кетті

Сарапшылар таңғалатын түк те жоқ дейді. Өйткені мемлекет мұнай өнімдерінің импортына толықтай тәуелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп әлемдік нарықтағы бағалардың қымбаттауы Грузияға да әсер етпей қоймады. Жеке көлігі бар тұрғындар қазіргі жағдайда қоғамдық көлікпен қатынау да қалтаны қағады дейді. Себебі өткен айдан бері жол жүру ақысы екі есе қымбаттаған. 

Илия Абулашвили, Тбилиси тұрғыны:

- Жанармай құны көтерілсе болды, қалғанының бәрі де қымбатайды деген сөз. Яғни ол өмір сүру деңгейіне әсер етеді. Бұл жағдай қанша уақытқа жалғасады екен? Білмей отырмыз.

Мамандар қазіргідей жағдайда бағаларды ұстап тұру үшін ең дұрысы - акциз салығын төмендету дейді. Алайда ондай шешім салдарынан мемлекеттік бюджет миллионодаған лариден қағылуы мүмкін. Сондықтан сарапшылар әзірге акциз салығының төмендетілуі екіталай дейді.