Аден қаласына шабуыл жасады

Йеменнің оңтүстігіндегі портты Аден қаласына шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лаңкестер бомба жасырылған көлікті жарып, әскери генералдың көзін жойған. Одан басқа 3 адам ажал құшты. Бұл ақпаратты елдің Қорғаныс министрлігі растады. Әзірге лаңкестік шабуылды ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Құрбан болған генералды «Хути» оппозициялық күштері «басты жауымыз» деп жариялаған болатын. Ол Сауд Арабиясы бастаған әскери коалиция операциясына белсене қатысқан.