Нью-Йорктің Буффало қаласында атыстан сегіз адам көз жұмды

Сенбі күні Нью-Йорк штатының Буффало қаласындағы супермаркетте атыс болып, сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24» ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға туралы жергілікті NBC арнасы жариялаған. Онда қаза тапқандардың бірі оқ атқан, қалалық полицияның Twitter парақшасында оқ атқан адамның қазір қамауда жатқаны жазылған. Сондай-ақ бір адамның жағдайы ауыр.

Телеарнада хабарланғандай, күдікті супермаркетке жергілікті уақыт бойынша 14:30 шамасында кіріп, мылтықпен оқ жаудырған. Ол әскери қорғаныш жилетін киген. Ұсталғанның жеке басы мен әрекетінің себептері туралы деректер әзірге мәлім болған жоқ. Полицейлер супермаркетке жақын көшелерді қоршауға алды, тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындардан оқиға орнына жақындамауды сұрайды. Штат губернаторы Кэти Хокул төтенше жағдай туралы ескертіп, қала билігіне көмектесуді ұсынды.

Дереккөз: ТАСС