Маймыл шешегі анықталған елдер қатары көбеюде

Алғашқы дерек туралы Словения, Чехия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес бүгінде ауру әлемнің 20-ға жуық елінде тіркеліп, 250 адам жұқтырған. Індет әсіресе Еуропа елдерінде тез тарап барады. Бұған дейін негізінен Африкада анықталып келді. Маймыл шешегі - сирек кездесетін инфекциялық ауру. Науқастың дене қызуы көтеріліп, буындары ауырады, денесі бөртеді. Мамандар аурудан бірнеше апта ішінде айығып кетуге болатынын хабарлайды.