COVID-19: Солтүстік Кореяда өзен сулары тексеріле бастады

Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда коронавирустың таралуын тежеу үшін өзен сулары мен ауа тексеріле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері хабарлады. Ақпарға сай, осы уақытқа дейін бірнеше өзеннің суы тексеріліп, олардың қауіпсіз екені расталған. Бұдан бөлек, мамандар қалада шығарылған сусындардың да сынамасын алған.

Айта өтейін, бүгінге дейін Солтүстік Кореяда 100 мыңға жуық адамнан ковид белгілері анықталған. Бір адам көз жұмды.