Канадада маймыл шешегіне қарсы вакцина салып жатыр

Канаданың Монреаль қаласында маймыл шешегіне қарсы вакцина егіле бастады.

Екпе осы ауруды жұқтыру қаупі жоғары тұрғындарға салынып жатыр. Олардың көбі соңғы 14 күнде науқаспен қарым-қатынаста болғандар. Статистика бойынша Канадада маймыл шешегіне 77 адам шалдықты. Оның 71-і Квебек қаласында тіркелген. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, бүгінде әлемнің 30 елінде 911 адам осы дертті жұқтырған. Науқастардың басым бөлігі Еуропа елдерінде анықталды.

Сондай-ақ...