Қытайда Baidu компаниясы рөлі жоқ жаңа көлік шығарды

Ірі қытайлық Baidu IT-компаниясы шығарған ерекше робот-көлік 200 мың юаньға бағаланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заманауи жүйемен және 12 бейнекамерамен жабдықталған темір тұлпардың өзгелерден ерекшелігі рөлінің жоқтығында. Автокөліктің шанағы ((кузов)) да көптің көңілінен шығып отыр. Ал оны тізгіндеген адам көлікті дауысымен басқара алады. Baidu компаниясының бөлімшесі Jidu Auto осы үлгідегі көлікті келесі жылдан бастап сатылымға шығармақ. Бағасы шамамен 200 мың юань деп бағаланып отыр. Бұл 13 млн теңге төңірегінде.