Чилиде алып шұңқыр табылды

Чилиде Алькапаррос мыс шахтасының маңында алып шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ордың диаметрі 25 метр, ал тереңдігі 200 метр болады. Оны зерттеуге елдің Ұлттық геология қызметінің мамандары тартылды. Әзірге ойықтың неден пайда болғаны белгісіз. Кей болжамдар кен орнынан пайда болуы мүмкін дегенге саяды. Шахта басшылары барлық қызметкерлер мен жақын маңда тұратын тұрғындар дін аман екенін айтады. Шұңқырға ең жақын орналасқан үй 600 метр қашықтықта орналасқан.