С.Лавров: Ресей АҚШ-пен тұтқын алмасуды талқылауға дайын

Ресей АҚШ-пен тұтқын алмасу мәселесі бойынша келіссөз жүргізуге дайын. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Камбоджада өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтуынша, бұл процесс Путин мен Байден бекіткен арнайы арна арқылы жүзеге асады. Естеріңізге болса, бұған дейін америкалық баскетболшы Бритни Грайнер мен тыңшылық жасады деп айыпталған Пол Уиланды ресейлік Виктор Бутаға айырбастау жағы талқыланған еді.