Ауғанстанда жарылыстан 8 адам мерт болды

Ауғанстан астанасы Кабулда тағы жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аялдаманың жанында 8 адам көз жұмды, тағы 22 тұрғын жарақат алған. Өткен жұма күнгі жарылыс кезінде де 8 адам жан тапсырды. Лаңкестік әрекеттерге қатысты жауапкершілікті Ирак және Левант террорлық ұйымы өз мойнына алып отыр.