476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Колумбияда экс-партизан президент болды

  • 169
  • UPD: 10:11, 08.08.2022

Партизан қозғалысының бұрынғы мүшесі, осыған дейін 2 рет сайлауға қатысқан Густаво Петро Колумбияның президенті атанды.

Ұлықтау рәсіміне 8 елдің басшысы қатысқан. Густаво алғашқы шешімімен көршілес Венесуэламен дипломатиялық қарым-қатынасты қайта қалпына келтірді. Екі елдің арасы 2015 жылы ушығып, шекаралар жабылып қалған болатын. Сондай-ақ 62 жастағы саясаткер байларға салынатын салық көлемін арттырып, ірі корпорацияларға берілетін жеңілдікті алып тастайтынын және әлеуметтік жобаларға жылына 10 миллиард доллар бөлетінін мәлімдеді. Бұдан басқа зейнетақы реформасын жүргізіп, білім алуды тегін қылуға уәде берді.

Густаво Петро, Колумбия президенті:

- Колумбиядағы және шетелдегі отандастарыма біздің мемлекет үшін тамаша мүмкіндік басталғанын жеткізгім келеді. Бұл менің ғана емес, халықтың да жеңісі. Үлкен өзгерістер жасайтын сәт туды. Біз колумбиялықтар өз мемлекетін басқара алмайды деген түсінікті толығымен жоққа шығардық. Біз енді біртұтас елге айналамыз!

Хабар 24 телеарнасы