Иранда әйелдерге жарнамаға түсуге тыйым салынды

Иран Ислам Республикасы жарнамада әйел бейнесін қолдануға мүлде тыйым салды.

Бұған халықты шулатқан балмұздақ жарнамасы түрткі болған. Мәдениет және діни бағдарлау министрлігі Иранның өнер және кино мектебіне арнайы хат жолдап, хиджаб кию мен тазалық ережесінің өрескел бұзылғанын хабарлап, бұдан былай әйелдердің жарнамаға түсуіне мүлде тыйым салынатынын жариялады. Сонымен бірге балмұздақ өнідіруші компанияны әйел бейнесін жарнамада арам пиғылмен қолданғаны үшін сотқа берді. Жалпы Иранда заң бойынша әйелдер мен балалардың, ер азаматтардың бейнесін исламға жат құрал ретінде қолдануға тыйым салынады.

Сондай-ақ...