Сиднейде пандемия кезінде тоқтаған жарыс түрі жанданды

Сидней көшелерін 60 мыңға жуық жеңіл атлет жарыс жолына айналдырды. Желаяқтар түрлі костюм киіп, жүгіріп өтті.

Сити-ту -Сёрф ((City2Surf)) деп аталатын жарыс 1971 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Тек пандемияға байланысты екі жылдық үзіліс болды. Шараға қатысуға ниет танытатындар жарна төлейді. Түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалады.

Жарысқа қатысушы:

- Жүгіруге келген адамдардың қарасын көріп қуандым. Карантин кезінде қамалып қалған едік, енді пандемияның аяқталғанын бәріміз асыға күтіп едік. Міне енді жарысқа келіп, көзайым болып жатырмыз.