Колумбияда 65-Сиетас гүлдер фестивалі өтті

Жыл сайын Медельин қаласында ұйымдастырылатын іс-шараға биыл 500-ден астам шеруші қатысты. Дәстүр бойынша олар түрлі түсті гүлден өріліп, ағаш жақтауға орнатылған дестені көшені бойлай арқалап жүруге тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әдетте мұндай дестенің салмағы 100 келіден асады. Медельин мәңгі көктем орнаған мекен ретінде көпшілікке кеңінен танымал. Жергілікті тұрғындардың негізгі кәсібі - флористика. Гүл өндірісі жөнінен Медельин   Жаңа Құрлықта бірінші, ал дүнижүзінде Нидерландыдан кейін екінші орында. Ал мұндағы гүлдер фестивалі 1957 жылдан бері өткізіледі.

Каролина Сото Гарсия , фестивальге қатысушы:

- Әжем мен анам үшін бұл фестивальдің маңызы зор. Десте жақтауы әжемнен анама, кейін маған мұра боп қалды. Анамның денсаулығы сыр берген соң, оны мен алып жүремін. Бүгінгі гүлдер шеруіне әжем мен анам үшін шықтым. Мен үшін бұл дәстүрлердің ішіндегі ең әдемісі.