Индонезияда тұрғындар наразылық шеруіне шықты

Индонезияда жанармай бағасының қымбаттағанына көңілі толмайтын тұрғындар наразылықтарын білдіріп, көшеге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билікке талабын жеткізуге тырысқандардың басым бөлігі – қарапайым жұмысшылар. Парламент ғимараты алдына жиналған олар үкімет қабылдаған шараларды сынға алып, жалақы мөлшерін көбейтуді талап етті. Айта өтейін, жуырда Индонезия билігі жанармай бағасын 30 пайызға көтеру туралы шешім қабылдаған болатын.