Ауғанстанда әйелдердің білім орталығында жарылыстан 23 адам қаза тапты

Ауғанстанда әйелдерге арналған білім орталығында теракт болып, 23 адам қаза тапты. Тағы 36-сы  жараланған.

Соңғы деректер бойынша, ел астанасы Кабулда, студенттер емтихан тапсырып отырған жерде, бір жанкешті өзін өзі жарып жіберген. Болжам бойынша терактқа шиіттердің қатысы бар. Әзірге лаңкестік әрекет үшін ешкім жауапкершілік алған жоқ. Бұл ақпаратты жергілікті Кабул полициясы хабарлады. Қаза тапқандар жас қыздар екен.