Еуропада коронавирустың «Цербер» деп аталатын жаңа штамы жаппай таралып жатыр

Коронавирустың «Цербер» деп аталатын жаңа штамы Еуропада жаппай таралып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресейде «Церберді» жұқтырған науқастар тіркелді. Мамандар жаңа штам Қазақстанға да келеді деп қауіптенеді. Инфекционист дәрігерлердің айтуынша, бүгінде тұмау жіті респираторлық вирустық инфекцияның маусымы басталады. Салдарынан «Омикронды» ауыздықтау қиынға соғуы мүмкін.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 66 адам тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір 720 науқастың жетпісі стационарлық, 650-і амбулаториялық ем алып жатыр. 2 адамның жағдайы өте ауыр. Бір азамат өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.