Түркияда өрт салдарынан 8 бала мерт болды

Түркияда тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, 8 бала көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға елдің солтүстік-батысында орналасқан Бурса қаласында болған. Тілсіз жаудың құрығына құрбанына айналғандар Сирия босқындары екен. Құқық қорғаушылардың болжамы бойынша, өрттің шығуына асханадағы пешті дұрыс пайдаланбау себеп болған. Пәтерде балалардан бөлек бір әйелдің мәйіті табылды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің деректеріне сүйенсек, тілсіз жаудың кесірінен балғындардың әкесі мен көршілері түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен.

Сондай-ақ...