Оңтүстіккореялықтар қолданылған кофе дәнінен жиһаз жасайды

Қолданылған кофе дәнінен қандай құрылыс материалын жасайды? Пластик бөтелкелерді тапсырып, қанша табыс табуға болады?

Владислав Цой, тілші:

- Бұл киіз үйге ұқсайтын шатырды қайта өңделген пластиктен жасауға болады. Шағын үй қатты желге шыдамды, сырттағы дыбыстар да естілмейді, үйдің дизайны жаңбырдан қорғану үшін арнайы жасалған.

Сеулдегі көрмеге пластик бөтелкелерден жасалған тауарлар шығарылды.

Көпшілік назарына көліктің қосалқы бөлшектері мен ыдыс-аяқтар ұсынылды. Тіпті бөтелке қабылдайтын автоматтар да бар. Жүз данасын тапсырсаңыз бір мың вон немесе 300 теңге аласыз. Оған бір балмуздақ сатып алуға болады.

Сон Су Ен, компания басшысы:

- Біз балаларға бос бөтелке қоқыс емес, тауар өндіруге қажетті шикізат екенін үйретеміз. Қолданылған заттарды қайта өңдеп, кәдеге жаратуға болады.

Ойын арқылы балаларды жануарлармен таныстырып, өзендер мен теңізді қоқыстан тазартуға үйретеді. Көрмеге қатысушылар кез келген пайдаланылған затты қайта кәдеге жаратуға болатынын дәлелдейді. Ал бұл компания Кёнги провинциясындағы құрылыс қалдықтарының үштен бірін жинап, оны сұрыптап жаңа шикізат дайындайды. Пайдаланылған кофе дәндерінен тіпті үй салуға болады екен.

О Сан Ель, Жасанды ағаш өндіретін компания директорының орынбасары:

- Біз айына 100 тоннаға жуық кофе қалдықтарын қайта өңдейміз. Жылына шамамен 1500 тонна өндіріледі. Бұл жасанды ағаштың құрамында 51 проценті қайта өңделген кофе дәндері. Біз одан үстелдер мен орындықтар жасаймыз.

Кофе қалдықтарын жою үшін жыл сайын шамамен 11 млн доллар жұмсалады. Жалпы қалдықтар мәселесі Кореяда әрқашан өзекті болып қала бермек. Шағын елде қоқыс полигондар жеткіліксіз. Сондықтан қалдықты дұрыс сұрыптамағандар қомақты айыппұл төлейді. Ал қалдықты қайта өңдейтін компанияларға мемлекет тарапынан қолдау бар.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян