Хорватия Шенген аймағына енуі мүмкін

Шенген аймағына Хорватия енуі тиіс.

Австрия Үкіметі Еурокомиссия ұсынған үш елден тек Хорватияны қолдады. Ал қалған Болгария мен Румынияны көші-қон ережелерін бұзғаны үшін шектеуді ұсынды. Бұл жөнінде Австрия канцлері Карл Нехаммер мәлімдеді. Оның айтуынша, болгар және румын елдерінің шекаралық бақылауы нашар. Түркияның мыңдаған мигрантын тіркеусіз өткізеді. Ал Хорватия көші-қон саясатын бұзбаған. Еске салайық, Еурокомиссия Шенген аймағына аталған үш елді енгізуді ұсынды. Ресми Брюссель бұл шешім Еуропаның қауіпсіздігін арттырады деп есептейді. 8 желтоқсанда аталмыш мәселеге қатысты Әділет Кеңесі дауыс беретін болады.