Италия халқы жылдан жылға қартайып барады

Еуропадағы халықтың 20 пайызы, яғни әрбір бесінші тұрғын жасы 65-тен асқан қарт кісі.

2050 жылға таман көрсеткіш 30 пайызға жетеді деген болжам бар. Қытайда да қарттар көбейген. 10 жылдан кейін олардың саны 50 пайызға артуы мүмкін. Ал Оңтүсік Кореяда керісінше, жастар көбейетін болды. Қазақстанда да осындай жағдай.

Еуроодақ бойынша ең "қарт мемлекет" Италия саналады. Мұнда жасы 65-тен асқандар көп. Ал халық саны 2015 жылдан бер көбеюдің орнына, кеміп барады. Сарапшылар мұның арты экономиканы тұралатынын айтады. Өйткені жұмыс істейтін адам азаяды. Италияда әйелдер арасында жұмыссыздық көп. Сол себепті ана болуға асықпайтындар бар. Өйткені балаларын асыра алмаймыз деп қорқады. Сондықтан билік келер жылы бала күтімі бойынша төлемді арттыруға ниетті.

Германияда әрбір төртінші тұрғын зейнеткер болады 

Германияда ДА жағдай мәз емес. 2035-ші жылы мұнда әрбір төртінші тұрғын - зейнеткер болады деген болжам бар. Бұл еңбекке қабілетті адам саны азаяды деген сөз. Демек денсаулық сақтау саласы мен зейнетақы жүйесіне салмақ түседі. Бұл жағдайдан туындап отырған тағы бір проблема - кадр тапшылығы. Билік мәселені шешу үшін көші-қон саясатын жеңілдеруге ниетті. Осылайша еңбек мигранттарын көптеп тартуды көздейді. 

Қытайда әрбір бесінші тұрғын – қарт кісі 

Егде жастағылардың көбеюі Қытай үшін де өзекті. былтыр мұнда жасы 60-тан асқан тұрғын саны 267 миллион болатын. Бұл халықтың 19 пайызы. 2035 жылға таман көрсеткіш 400 миллионға жетеді деген болжам бар. мұнда жастар балалы болуға асықпайды. Өйткені қымбатшылық жағадн алып тұр. Оның үстіне ұзық жылдар бойы мұнда "бір отбасы-бір бала" саясаты да қолданылып келді. 

Кореяда жас санау жүйесі өзгереді 

Ал Оңтүстік Кореяда керісінше енді жастар көбейеді. Өйткені парламент "корей жас санау жүйесін" алып тастау туралы заң қабылдады. Енді келер жылдың жазынан бастап барлық мемлекеттік мекемелер стандартты жүйеге ауысады. Бұған дейінгі ереже бойынша,,,сәби дүниеге келгенде жасы 1-де деп есептеледі. Сосын ары қарай туған күнінде емес, Ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл кезінде жас қосылып отыратын. Мұндай жүйе Жапония мен Вьетнамда да діни рәсімдер кезінде қолданылады. Ресми Қытай билігі одан ондаған жыл бұрын бас тартқан. Ал Оңтүстік Кореяда иерархия мәдениеті қатаң сақталады. Сол себепті жүйе осы күнге дейін қолданылып келді. Алайда кейінгі кездері қоғамда түрлі дау көбейген. Құқықтық сұрақтар да артқан. Сол себепті де билік өзгеріс керек деген пікірге келді. 

Қазақстанда жастар көбейеді 

Қазақ арасында да жастар көбейеді. Кеше Сенат депутаттары жастардың жасын 35-ке дейін ұлғайту туралы заңға түзетулер енгізді. Нәтижесінде халықтың үштен бірі "жасаратын" болды. Енді өскелең ұрпаққа түрлі бағдарламаларға қатысып, жеңілдіктер алуға мүмкіндік көбейеді.

Жұлдыз Атагельдиева

Сондай-ақ...