Австралияда Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады

Австралияда ұшақ апатқа ұшырап, екі адам зардап шекті. “Рейтер” агенттігінің хабарлауынша, екі ұшқышы бар Boeing 737 құзға құлаған.

Оқыс оқиға Австралияның батысында орман өртін сөндіру  кезінде болды. Әуе  техникасы өртсөндіру үшін жабдықталған екен. Құлаған сәтте оны от шарпыған. Абырой болғанда ішіндегі адамдар аман қалды. Болжам бойынша, әуежайдан шамамен 500 шақырым алыстағанда ұшқыш тізгінге ие бола алмай қалған.

Айта кетейік, Хоуптаун жағажайларында тіркелген бұл осымен екінші апат.