Индонезияның шығысында жер сілкінісінен 51 адам опат болды. Тағы жүзден астамы жарақат алған. Қазір апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Брюссельдің тарихи орталығы ашық аспан астындағы алып галереяға айналды. Гран-Плас алаңына аумағы 1 680 шаршы метр болатын гүлден жасалған алып кілем төселді.
Германияның батысында орман өрті өршіп тұр. Қазір екі мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Мамандар 3 ірі өрт ошағының екеуін ауыздықтап үлгерген.