Кейінгі тәулікте Ормуз бұғазы арқылы кемінде 10 танкер өткен. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады. Жеті кеме Парсы шығанағына, тағы үшеуі Оман шығанағына бағыт алған.
Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін кеме қатынасының бағыты бойынша келісімге келді. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Багаи мәлімдеді.
Францияның оңтүстігінде орман өртіне байланысты қауіптің ең жоғары, «қызыл» деңгейі жарияланды. Ескерту Од, Вар, Воклюз және Бушдюрон аймақтарына қатысты.
Қытайдың солтүстік-батысында нөсер құйып, сел жүрді. Салдарынан бір адам опат болған. Тағы екеуі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы "Синьхуа" агенттігі хабарлады.
АҚШ поликремний импортына қосымша салық енгізуді жоспарлап отыр. Блумбергтің хабарлауынша, Дональд Трамп әкімшілігі бұл туралы осы аптада жариялауы мүмкін.
Мәскеу облысының Раменское қаласында үш жасар бала ойнап жүріп, терезе алдына шығып алған соң тепе-теңдігін жоғалтып алған. Баланың анасы айқайлаған дауысты естіп, ұлын құтқаруға ұмтылған.…
«Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы Конго Демократиялық Республикасындағы Эбола індетімен күреске 200 медицина қызметкерін дайындады. Оқу-жаттығу Кенияда өтті. Мамандар инфекцияның алдын алу, науқастарды емдеу, жеке қауіпсіздік талаптары…
Ауғанстанда гуманитарлық дағдарыс ушығып барады. Әсіресе азық-түлік үлестіру жағы қиындаған. Біріккен Ұлттар ұйымы осылай деп дабыл қақты. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының дерегінше, елдің үштен бір провинциясында…
Хуситтер Аден шығанағында Сауд Арабиясының мұнай танкеріне шабуыл жасады. Олар кемені баллистикалық зымыранен атқанын хабарлаған. Содан кейін танкер бағытын өзгертті. Десе де хуситтер операция сәтті…
Брент маркасының баррелі 79, WTI 74 долларға төмендеген. Инвесторлар Иран мен Оман арасындағы келіссөздер Тегеран мен Вашингтонның арасын жақындатуы мүмкін деп есептейді.
АҚШ-тың Атланта қаласындағы бірнеше тұрғын үй кешенінде түнгі күзетшілердің орнына робот-иттер қызмет ете бастады. Олар аумақты күзетіп, күдікті жағдайларды операторларға бірден хабарлайды. Жүйені енгізілгелі бері…
Оңтүстік Корея полициясы Қазақстан үкіметіне алғыс білдірді. Себеп - екі ел бірлесіп, бір үдеден шығып қылмыскерлерді ұстады. 23 шілде күні Алматыда екі елдің арнаулы қызметтері…
Мейрамханалар кісі ақысын жеп жүрген жоқ па? Тағамның құны, төлеген ақшаңызға тати ма? Сосын даяшыға шай пұл беру міндетті ме? Түркия осындай жағдайлардың ара жігін…
Венесуэла экономикасына 43 күн бұрын болған қос зілзаладан 6 миллиард 700 миллион доллар шығын келді. Сарапшылардың айтуынша, бұл елдің жалпы ішкі өнімінің 6 пайызына тең.…
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі Тебнин мен Әл-Мансури қалаларына әуе соққысын жасады. Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, шабуыл салдарынан бір адам қаза тауып, 11 адам жараланды.…
Қытайдың Star Vision компаниясы Өзбекстанның алғашқы Samarkand-2028 жер серігін орбитаға ұшырды, деп хабарлайды «24KZ». Өзбекстанның Цифрлық технологиялар министрлігінің мәліметінше, ұшыру Қытайдың Шаньдун провинциясы жағалауындағы теңіздегі…
Әлем экономикасы 2,5 пайызға дейін төмендейді. Бұл - Дүниежүзілік банктің болжамы. Былтыр өсім 2,9 пайыз болған еді. Экономиканың бұлай құлдырауына Иранның Ормуз бұғазын жабуы себеп.…