Өзбекстанның Хиуа қаласында қауынның халықаралық фестивалі өтіп жатыр. Іс-шара аясында басқа да ұлттық тағамдар көрмеге қойылған. Қолөнер жәрмеңкесі де ұйымдастырылды.
Қытай үкіметі қауіп-қатердің ең жоғары "қызыл" деңгейін жариялады. "Ассошиэйтед Пресс" агенттігінің хабарлауынша, елге ертең жойқын "Дельфин" тайфуны жетеді.
Иран АҚШ-пен түпкілікті келісімге келу шартын жариялады. Бұл үшін Штаттар парсы еліне қатысты саясатын түбегейлі өзгертіп, қол қойылған меморандум аясында бейбітшілік талаптарын бұлжытпай ұстануы керек.
Испанияның оңтүстік-батысында ірі орман өртімен күрес жалғасып жатыр. Рейтердің хабарлауынша, тілсіз жау өткен жұма күні Уэльва провинциясында тұтанып, 4 мың гектар аумақты қамтып үлгерген.
Ұлыбританияның Бристоль қаласында әуе шарлары фестивалі өтіп жатыр. Шаһардың орталығындағы Эштон-Корт саябағында 100-ден астам түрлі түсті шар аспанға көтерілді.
Еуропада аптап ыстық салдарынан кейінгі 3 айда 25 мың адам көз жұмды. Бұл туралы Блумберг хабарлады. Ең көп өлім Германияда тіркелген. Басым бөлігі – жасы…
Газа секторында толық қираған ғимараттар саны былтыр атысты тоқтату режимі жарияланғаннан бері 9%-ға көбейді. Ал 2023 жылы қақтығыс басталғалы анклавтағы ғимараттардың 82%-ы зақымданған.
Дубай халқы аптап ыстықтан қорғану үшін түрлі әдіс-айлаға жүгініп жатыр. Мәселен, қазір қаладағы көшелердің бірінде қолдан жаңбыр жаудыру тәсілі қолға алынды.