Семейде ерекше көрме ашылды

Федор Михайлович Достоевский атындағы мемориалдық музейге келушілер картиналарды тамашалап ғана қоймай, оларды өз талғамына сай бояуына болады.

Интерактивті экспозициялар тізіміне әлемдік классиктердің таңдаулы туындылары қойылған.

Мамандардың пікірінше, келушілер осындай ерекшеліктің нәтижесінде Достоевскийдің ұнатқан картиналары мен тұлғаларын танып біле алады. Мұндай шығармашылық еркіндік жазушының жанын тереңірек ұғынуға жол ашады.

Атап өткен жөн, биыл орыстың ұлы жазушысының туғанына 200 жыл толып отыр.

Мадина Жағыпарова, музейдің ғылыми қызметкері:

- Ол шығармалары «Қылмыс пен жаза», «Ойынқұмар», «Ағайынды Карамазовтар» сияқты бірнеше шығармасының суреті қойылған. Адам өз қалауымен суреттегі кейіпкерді бояйды. Егер өз қалауымен істеме жақсы бір әсер қалдырады.