«Насаб наме сұлтан Сыдық» жинағы қазақшаға аударылды

Елордада жаңа жинақ көрді. Белгілі ақын Ербол Алшынбай қазақ тарихы үшін аса құнды саналатын Ахмет Кенесариннің «Насаб наме сұлтан Сыдық» атты жазбасын шағатай тілінен қазақ тіліне аударды.

Тәржімалап ғана қоймай, ғылыми түсініктемелер жазған Кенесары хан мен сұлтан Сыдықтың жорық жолдарын арнайы картаға түсірген. Бұл жинақ 2 мың данамен жарық көрді. Онда Кенесары хан мен сұлтан Сыдыққа қатысты бұған дейін айтылмай келген тың деректер бар.