Елордада «Астана Опера» театрының гала-концерті өтті

Елорда күніне тарту. Бүгін еліміздің бас шаһарында «Астана Опера» театрының гала концерті өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Театр ұжымы орталық саябақтағы амфитеатрдың сахнасында өнер көрсетіп, «Севильский цирюльник», «Абай» операсы, «Любовный напиток» сынды 17 туындыны орындады. Амфитеатр аумағында карантин режиміне сәйкес барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталды. Қойылым басталмас бұрын келушілер Ashyq жүйесі арқылы өз мәртебесін тексерді. Залдың 30%-і ғана толтырылды.