«Baqytty bala 2021» байқауы «Хабар» арнасынан көрсетіледі

Бүгін 22.30-да «Хабар» арнасында «Baqytty bala 2021» халықаралық балалар байқауының телекөрсетілімі болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтөбе қаласында өткен сайысқа 7 елден 10 мен 16 жас аралығындағы 20 жасөспірім қатысты. Өнер байқауы биыл үшінші рет ұйымдастырылған. Сайыс екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы қашықтан жүргізілді. Іріктеу нәтижесінде үздік 20 бала таңдалып, елге шақырылды. Ақтөбедегі «Өнер орталығы» концерт залында жиналған жасөспірімдер ана тілінде және халықаралық хит әнді орындап бақ сынайды. Байқаудың жүлде қоры – 3 миллион 450 мың теңге. Кімнің бабы келіп, бағы жанғанын «Хабар» арнасынан көріңіз.