Қарағандыда пандемия туралы фильм түсірілді

Қарағандыда шынайы оқиға негізінде түсірілген «Бірінші толқын» деп аталатын кинотуынды көрерменге жол тартты, деп хабарлайды Хабар 24.

8 сериядан тұратын фильм пандемия басталған кезде ел ішіндегі қарбалас сәттерді айшықты суреттеген. Шынайы оқиғалар негізінде түсірілген туындыға киногерлер 8 ай уақыт жұмсапты. Актерлердің арасында індет салдарынан жақындарынан айырылғандар да болған. Түсірілімнің негізгі бөлімі қала орталығында өрбиді. Көрермендермен жүздесуде филім авторлары пандемия кезіндегі кино түсірудің машақаты көп болды деді.

Жәнібек Садықанов, фильмнің продюсері:

– Кино түсірілімі кезінде 2,3 толқындар да болды. Сол кезде біздің актерлер де ауырып қалып, кейде түсіретін жерге кіргізбеді, «қызыл» аймққа кіріп кеттік деп. Сондай қиыншылықтар болды. Бірақ сәтімен шықты деп айтуға болады. Қарағандыда киноға түсем деген белсенді ұл-қыздар көп екен. Сәтті шықты деп ойлаймын.