«TiJi» арнасында мультфильмдер қазақ тілінде көрсетіледі

«TiJi» кейіпкерлері қазақша сөйлейді. Танымал телеарнаның белгілі мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастайды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен мультфильмдер бір жыл бойы «Қазақфильмде» дубляждалды. Дубляж актерлері арнайы кастинг арқылы шетелдік компаниялардың сараптауынан өтті. Қазақ тіліне аударуда әлемге әйгілі, жас ұрпаққа қызықты мульфильмдер таңдалған.

Айта кету керек, «TiJi» 20 мемлекетте 14 тілде хабар тарататын арна. Арна 2-ден 7 жасқа дейінгі бүлдіршіндер үшін қауіпсіз ақпараттық кеңістік алаңы саналады.

Асқар Омаров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Әлемдік қазақ телеарналарын қазақ тіліне аудару. Былтырдан келіссөздер басталды. Оның алдында әлеуметтік зерттеу жасалды. ТИЖИ мен Николоэджидің басшылығына шығып, солармен келісіп, осы екі арнаның балаларға арналған бағдарламаларғды қазақ тіліне аудара бастады. Нәтижесін көріп тұрсыздар. 5 кабельдік жүйеде шығып тұр. 

Жан-Рене Окутюрье, Халықаралық дистрибуциялау жөніндегі директор:

- Біз қазақстандық балаларға сапалы танымдық әрі ойын-сауық бағдарламаларын ұсынып отырмыз. Мұнда 2-ден 7 жасқа дейінгі бүлдіршіндер ана тілінде түрлі мультфильмдер көріп, зейінін жетілдіруге мүмкіндік бар.  Дубляж жасау барысында әрбір материал жіті тексеруден өтіп, аударманың сапасына аса назар аударылады.