Елордада Еуразия дизайнерлер одағының көрмесі өтіп жатыр

 

Республикалық көрме Еуразия дизайнерлер одағының 10 жылдығына арналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерейтойлық іс-шараға елдің барлық өңірінен 100-ден астам дизайнер келді. Шеберлер жұрт назарына өз жұмыстарын бірнеше бағыт бойынша ұсынады. «Этнодизайн», «Арт дизайн», «Өнеркәсіп және сәулет дизайны» тақырыбы қамтылған. Көрме этно үлгіде жасақталды. Қатысушылардың айтуынша, қазір қазақстандық дизайн әлемде жоғары бағаланады.

Ермек Асылханов, Еуразия дизайнерлер одағының төрағасы:

– 13-14 жастан 85 жасқа дейін дизайнерлар. Жұмыстар 200-ден аса болуы мүмкін. Неге десеңіз, біз шектеу қойдық. Дизайнерден 1 жұмыс немесе екі. 

Есенғали Ахметов, дизайнер:

– Бұл асатаяқ қой. Іс-шара университет бітіргенде қолданылатын бұйым. Таза алтынмен жалатылды. Сваровский хрусталі бар. Сақ стилінде.

Ләззат Әлжан, ҚР қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайының басшысы:

– Қала күніне орай осы іс-шараға шақырамыз. Жалпы мерекелік күнге орай таңғы 10 нан кешкі 17 -00 ге дейін музей жұмыс жасайды.