Абай атындағы сыйлыққа үміткерлер іріктелді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысын өткізді.

Онда әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 25 туынды қаралды. Сөйтіп, жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық іріктеудің келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды.