Бас қалада Ә.Мәмбетов атындағы халықаралық фестиваль басталды

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, танымал режиссер әрі халық әртісі Әзірбайжан Мәмбетовтың туғанына биыл – 90 жыл. Айтулы мерейтой аясында елордада халықаралық театр фестивалі ұйымдастырылып, оған 7 елдің өнер ұжымдары жиналды. Енді алдағы бір апта бойы олар театр майталманының қойылымдарын ұсынып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер сыйламақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

II халықаралық театр фестивалі биыл Әзірбайжан Мәмбетовтің мерейтойымен және Республика күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған байланысты елордаға 8 отандық және 6 шетелдік өнер ұжымы жиналды.

Асхат Маемиров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Қазіргі тәуелсіз Қазақстанымыздың режиссурасы және халықаралық деңгейдегі режиссураның тыныс тіршілігі қай бағытта? Қандай ерекшелік бар? Қандай биіктіктер бар? Сол Мәмбетов жасаған тетар өнеріне реформаны театрлар қаншалықты әрі қарай жалғастырып отыр. Міне, осыны бағдамдауға арналады және жас ұрпаққа Әзірбайжан Мәмбетовтың есімін мәңгі сақтап, оның шығармашылығын дәріптеу болып есептеледі.

Халықаралық шараға қатысуға 40-тан аса өтініш келіп түскен. Байқауда көрнекті режиссердің қойылымдары бар тетарлар өнер көрсетіп жатыр. 

Асанәлі Әшімов, Қазақстан театрлары қауымдастығының президенті:

– Әдекеңің театрға еткен еңбегі ұшан-теңіз, әрине. Әзірбайжанға қазіргі режиссерлар жетті ме, жетпеді ме белгісіз. Әзірбайжаннның білімі еуропалық, кейін оны шығыстың мәдениетімен араластырып, үлкен туындылар шығарып жатты.

Театр апталығы 30-шы қазанға дейін жалғасады. Келем деушілерге есік ашық.

Аслан Қаженов, Таир Мерекенов