Алматыда халықаралық кітап жәрмеңкесі ашылды

Бүгін Алматыда «Ұлы жібек жолымен-2022» халықаралық кітап және Полиграфия көрме-жәрмеңкесі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

10-рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі көрменің алғашқы тұсаукесерін «Атамұра» баспасы өткізді.

Қазақ полиграфиясының көш басшысына айналған «Атамұра» бұл жолы  Дәулеткерей  Кәпұлының «Айналсоғымен» жазушы Кәдірбек Сегізбайұлының «Тағдыр толқынын» жұртқа таныстырды.

Халықаралық көрменің шымылдығын «Атамұра» баспасының ашуы кездейсоқтық емес. Өзінің полиграфиялық базасын, және кітап үйлерін қалыптастырған «Атамұра»  тек елімізде ғана емес әлемдегі беделі биік   баспалардың бірі. Бүгін  көрме аясында «Атамұра» баспасынан шыққан  екі бірдей тамаша кітаптың тұсауы кесілді.

Рақымғали Құл-Мұхаммед, «Атамұра» корпорациясының президенті, қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Біріншісі белгілі жазушы Кәдірбек Сегізбайұлының «Тағдыр толықында» деген кітабы. Бұл кітап жақында ғана бәйгеден келіп мемлекеттік сыйлық алған кітап. Екіншісі Дәулеткерей Кәпұлының «Айналсоқ» деген кітабы. Яғни, өлеңдер жинағы.  Бұл екі кітапта «Атамұра» кітапханасы сериясымен  шығып отыр. Және «Атамұраның» өзінің қаржыландыруымен жарыққа шығып отыр. 

Тарихтың ақтаңдағын ашып көрсеткен «Тағдыр толқынында»  мен қазақтың құндылығын, әдет-ғұрпын поэзия тілімен жеткізген «Айналсоқ» кітаптарының оқырмандар көңілінен шығарына жазушылар сенімді.

Ұлықбек Есдәулет, ҚР Жазушылар одағының төрағасы:

- Атамұраға менің бір қатты риза болатын жерім, ол мына мемлекеттің тендеріне де ауыз ашып отырған жоқ. Бұл өзінің қаржысымен бүгінгі әдебиеттің озық өкілдерінің кітабын шығарып беріп отыр.  Мұның бәрі Атамұра баспасының әдебиетімізге салып отырған мәдениетімізге салып қосып отырған инвестициясы деп айтуға болады.

30 жылдан бері қазақ халқының әдебиетімен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан «Атамұра» баспасының жас таланттарға бет бұруын  Бексұлтан Нұржекеев бастаған жазушылар жақсы ырымға балап отыр. Ендеше  «Атамұра» баспасының  ұлт руханиятына жасап жүрген жақсылығы сарқылмасын дейміз.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Эдуард Кон