Тиктокер бойжеткеннің өнері еліміздегі шетелдіктерге өнеге болды

Алматылық Айдана Қабдылова әлеуметтік желіде танымал. Ол шетелдік кинофильмдердің саундтрегі мен белгілі әуендерін домбырамен орындайды.

Оның бейнетүсірілімдерін қысқа мерзім ішінде миллиондаған адам көреді. Тіпті өзге елдің азаматтары  домбыраға тапсырыс беріп, үйренуге ынта білдіріпті. Айдана мұның бәрін  ұлттық аспапты кеңінен насихаттау мақсатында қолға алдым,-дейді.         

Жапон анимесі домбырада осылай естіледі. Айдана ес білгелі қолынан домбырасын тастаған емес. Ата-анасы оны қарсылығына қарамай 6 жасында музыка мектебіне беріпті. Бір кездері тіпті оқуды тастап кеткісі келген. Кейіннен музыкалық колледжді, одан соң консерваторияны домбыра мамандығы бойынша бітіріп шығады. Ал қазір тіпті домбырасыз өмірін елестете алмайды.

Айдана Қабдылова, қала тұрғыны:

- Былайша айтқанда домбыра менің денемнің мүшесі сияқты. Осы кезге дейін мен домбыраны өзім үшін ойнағам. Блогер болу, тиктокер болу деген мақсатым болған жоқ. Бір–екі видеомды әлеуметтік желіге салдым. Ол бір-екі күннің ішінде үлкен көрсетілім жинады. Одан кейін менің шабытым оянып, былайша айтқанда екінші тынысым ашылды. 

Айдана әлеуметтік желідегі бүкіл аудитория домбыраның үнін естісе екен,-дейді. Тіпті оның репертуарында футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатында айтылған әннің музыкасыда бар. Өзі де футболды жақсы көреді. Ол қазақтың күйлерімен қатар шетелдің заманауи музыкасын айна қатесіз домбырада ойнайды. Кәсіби музыкант жастар арасында домбыраны насихаттаудың бірден бір жолы осы, дейді. 

Айдана Қабдылова, қала тұрғыны:

- 1-2 видео тарап кеткеннен кейін көрсетілімі, лайктары көп болып кетті. Сол кезден бастап мен өз миссиямды ұқтым. Осы біздің еліміздің жастарына домбыраға деген махаббаттарын ояту. Бізді жастарымыз нені жақсы көреді. Олар шетелдік контентті жақсы көреді. 3309 Сол себепті мен шетелдің саудтректерін фильмдерін әндерін осы біздің қара домбырамызға салып ойнап жүрмін.

Айдана осы істі қолға алғанда ұлттық аспапты қазақ жастарына үйреткісі келген. Қазір енді оған шетелдіктердің ынтасы да басым. Оның оқырмандарының арасында Корея, АҚШ, Германия, Түркия  сияқты елдердің азаматтары бар. Олардың бірқатарына онлайн сабақ береді. Сондай-ақ осындағы балаларға ұстаздық етеді. Тіпті жуырда Айдана Стамбулда жеке концерт беруді жоспарлап отыр. 

Қарлығаш Қайыпбекова, Радик Жакупов