«EL ARNA» ұжымы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесті

“EL ARNA” телеарнасының ұжымы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесті.

Өскелең ұрпақ өкілдерінің қызығушылығын оятатын әрі оларға азық болатын жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша пікір алмасты. Жоғарғы оқу орнының қабырғасында мұндай келелі кездесу жиі өтіп тұрады. Бұған "Хабар" Агенттігі мен университет арасындағы жастардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған екі жақты меморандум сеп болуда.

Томирис Біләл, “EL ARNA” арнасының продюсері:

- Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет студенттерімен «EL ARNA» телеарнасы іс-шараны ұйымдастырып жатыр. Бұл шараның басты мақсаты жастарға, яғни студенттерге арналған жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Осы мақсатта студенттермен бірлесе отырып, жаңа жобаларды ойлап табу барысында пікірталас ұйымдастырылды.