Елорданың барлары мен клубтарына 283,6 млн теңге айыппұл салынды

Соңғы екі тәулікте елордада 12 көңіл көтеру орыны карантин тәртібін бұзды.

Мониторингтік топ жүргізген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде аталған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Бірқатар түнгі клуб қызметкерлері құзырлы орган өкілдеріне қарсылық та көрсеткен. Нысанға кіруге кедергі келтіріп, заң бұзушылықтың ізін жасыруға тырысқан. Алайда қатаң жазадан құтылып кете алмады. Карантин тәртібін өрескел бұзғандарға екі есе айыппұл жүктелді.

Сәтсапар Милахат, Байқоңыр ауданы әкімдігінің қызметкері:

- Байқоңыр ауданы мобильді тобының жаңа ғана жұмыс барысын көрдіңіздер. Біз Иманбаева, 52 «Шашлыков» барына келдік. Ондағы негізгі заң бұзушылық – бұл караоке орны. Яғни көрдіңіздер, бір столда 7-8 адамның отырғанын көрдіңіздер. Бұл бас дәрігердің 52-қаулысы бойынша заңсыз жұмыс жасап жатыр деген айыппен администратордан түсініктемені алуға мәжбүр болдық. Ары қарай мамандар қарастыратын болады.