Қазақстанға шетелден 215 адам ПТР анықтамасыз келді

Елімізге шетелден келген азаматтар арасында санитария талаптарына мойынсұнбайтындар азаймай тұр.

Мәселен, кеше Қазақстанға ұшақпен жеткен 215 жолаушы рейс алдында коронавирус бар-жоғына тескерілмеген. Олар Алматы, Нұр-Сұлтанда және Ақтау әуежайында анықталды. Бұл азаматтар  сынама тапсыру үшін дереу карантиндік стационарға жатқызылды. Талдау қорытындысы жақын арада белгілі болады.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетенің ресми өкілі хабарлады.