Атырау облысында 411 мыңнан астам сайлаушы тіркелген

Мұнайлы өңірде 411 мыңнан астам сайлаушы тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атырау облысының сайлаушылары жергілікті маслихаттарға 141 депутатты сайлайтын болады. Бүгін таңертең 265 сайлау учаскесінде жұмыс басталды. Сайлау комиссияларының мүшелері мен үміткерлердің сенімді өкілдері және байқаушылар ПТР-тест тапсырды. Сайлау басталған алғашқы 2 сағатта 45 мың адам дауыс беріп үлгерді.

Ілия Жақанов, композитор:

– Қазақстанның бүгінгі ырыс-ырзығы, бүгінгі жан-жақты дамуына сүйсіне ойлана қарап отырғанда біздің болашағымыз, құдай қаласа, нұрлы, шуақты болады, сәулелі болады. Біздің еліміздің бірлігі бар, жарасқан ынтымағы бар.