COVID-19: Ақмола облысында жаңа шектеулер енгізіледі

Ақмола облысында коронавирустың өршуіне байланысты жаңа шектеулер енгізіледі.

Бұл туралы аймақтың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді. Айтуынша, ертеңнен бастап ұжымында 15 адамнан асатын мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелер енді қызметкерлердің 80%-ін қашықтан жұмыс істеуге жіберуі тиіс. Сондай-ақ көпшілік жиі жиналатын сауда нысандары мен қоғамдық тамақтану орындарының жұмысын демалыс күндері тоқтату көзделіп отыр. Себебі, коронавируспен ауырып жатқандардың көбі вирусты осындай жерлерден жұқтырған.

Айта кетейік, облыс бірнеше күн бұрын қауіпті індеттің таралуы бойынша «қызыл» аймаққа өткен болатын. Жаңа шектеулер 14 қаңтардан бастап екі аптаға енгізіліп отыр.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

- Азық-түлік базарлары енді сенбі, жексенбі жұмыс істемейді. Бұрын олардың қызметі тек жексенбі күні шектелген еді. Ал, ауданы 2 мың шаршы метрден асатын басқа сауда орталықтары да демалыс күндері жабық болады. Бірақ жұмыс күндері оларға түнгі сағат 00:00-ге дейін ашық болуға рұқсат. Қоғамдық тамақтану орындарына келсек, олар демалыс күндері қызмет атқара береді. Бірақ басқа күндері 20:00-ге дейін жұмыс істейді.