Алматы облысында талап күшейтіліп, қосымша шектеу енгізілді

Алматы облысында эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты қосымша шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдің бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес мониторингтік топ енді тексерісті күшейтеді. Тұрғындардың қоғамдық орындарда бетперде тағуын, арақашықтықтың сақталуын қадағалайды. Аймақтағы 50 адамнан асатын қоғамдық тамақтану орындары жұмысын тоқтатып, дайын асты жеткізіп берумен ғана айналыспақ. Ал ойын-сауық орталықтары, компьютерлік клубтар, бассейндер қызмет көрсетпейді. Спорттық жарыстар, көрмелер мен отбасылық жиындардың өткізілуіне де тыйым салынып отыр.